Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр қиындықтың артында қуаныш бар

Әр қиындықтың артында қуаныш бар

Сабырдың алмайтын қамалы жоқ. Талай нәубет пен аштықты, қиындық пен таршылықты, тіпті теңіз табанының құрғағанын да көрген халықпыз. Бірақ "әр қиындықтың артында бір қуаныш бар" деген тәмсіл бар қазақта. Расында солай. Оған өзіміз де куә болып келеміз. Мәселен түрлі табиғи апаттардан зардап шеккен ауылдар мен қалаларға жасалған көмектің арқасында жергілікті жұрттың бұрынғы өміріне қайта оралып, қуанышқа бөленгеніне талай мәрте көзіміз  жетті. Биылғы аудандағы қиындық та – солардың бірі. Жауын-шашынның аз түсуі мен күннің аптабынан құрғаған жайылымдық жерлердің қолайсыздығынан туындаған қуаңшылық жағдайы да табиғи апат. Мал мен жанға қиынға соққан бұл кезеңді ұмыта қоймайтын шығармыз. Бірақ дәл қазіргі уақытта ахуал біршама жақсарып келеді. Соған қуанамыз. Мұның барлығы аудандағы атқарушы биліктің дер кезінде әрекетке көшіп, төтенше жағдай жариялаудан деп білемін.
Иә, расында да солай. Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері аралдықтарға деген өзге аймақтардың және көршілес аудандардың көрсеткен көмегі жағдайдың жақсаруына себеп болып отыр. Мал азығының ауданға жеткізілгенін естіп те, көріп те жүрміз. Жұдырықтай жұмылған әрекеттің арқасында бұл қиындықты да еңсереріміз даусыз.
К.Есенғалиев,
қала тұрғыны
09 тамыз 2021 ж. 705 0