Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қармақшыда белгісіз бағытқа шығып кеткен әйел іздестірілуде

Қармақшыда белгісіз бағытқа шығып кеткен әйел іздестірілуде

Қармақшы ауданында 45 жастағы әйел іздестірілуде. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова мәлімдеді.
Әйел аудан орталығы Жосалы кентінде 15 тамыз күні сағат 07-00 шамасында Сырдария өзені аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
Қазіргі таңда Өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника және 1 қайық күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
«Іздестіру сағат 19.30 шамасында уақытша тоқтатылды. Шара нәтиже берген жоқ. Бұл жұмыстар бүгін, 16 тамызда қайта жалғасады», – дейді баспасөз хатшысы.

kyzylorda-news.kz​​​
16 тамыз 2021 ж. 219 0