Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерде маска кию ережесі бекітілді

Мектептерде маска кию ережесі бекітілді

Мектептер мен басқа да оқу орындарында маска режимінің ережелері бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлық оқушылар (студенттер) маска режимін сақтауы керек. Масканы тамақтану мен дене шынықтыру сабағына қатысудан басқа кез келген уақытта кию керек.
«Бетперде кию тәртібі «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» «(27 мамыр 2021 ж. № ҚР ДСМ-47) санитарлық ережелермен реттеледі», деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген Санитарлық ережелердің 54-тармағында ашық аспан астында және халықты қабылдауға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған бөлмелерде, қоғамдық көліктерде медициналық немесе матадан жасалған бетперде кию міндетті екені жазылған. Ережеден:
- бес жасқа дейінгі балалар;
- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішіп отырған адамдар;
- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке, топтық спортпен айналысатын адамдар ғана босатылған.
23 тамыз 2021 ж. 656 0