Қор көмегімен алынған техникалардың тиімділігі зор

Бүгін «Бөген-2016» селолық тұтыну кооперативі аталған шөп шапқы техникаларының көмегімен шабылған 400 пресс пішен шөбін аудан орталығында өткен жәрмеңкеге жеткізіп, 1 пресс шөпті 600 теңгеден ұсынды.
Атап өту қажет, бүгінгі күнге дейін аталған техникалардың ықпалымен 3900 пресс пішен шөп орылып, шабындық басынан сол маңайдағы шаруалар үшін 350-400 теңгеден босатылған. Аталған жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жүргізіле беретін болады.