Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жел күшейеді

Қызылордада жел күшейеді

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан территориясың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз желдің 15-20, оңтүстігінде 25 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстік-шяғысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, күндіз орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының орталығы мен батысында, күндіз орталығы мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауылмен.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының батысы, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырық бетінде, Қостанай облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz

17 қыркүйек 2021 ж. 409 0