Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты батыс, солтүстік-батыс аймақтарда найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады6 деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің қалған аумақтарына антициклон жотасынның әсер етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста бұршақ жауады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, күндіз найзағай кезінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, шаңды дауыл күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында найзағай, күндіз найзағай кезінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігі және батысында, Қарағанды облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының батыс және оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
06 қыркүйек 2021 ж. 422 0