26 тамызға арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіде республиканың басым бөлігі циклон және соған байланысты фронтальды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, кей жерде найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік және шығыстың кей жерінде тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, күндіз дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл, күндіз кей жерде найзағай болады.Түнде Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/26-tamyz-a-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/