Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбі, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбі, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

21 қыркүйекте күні республиканың басым бөлігінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Ал елдің шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың кей жерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік те шаңды дауылмен, орталық бөлігінде дауыл, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Ақмола облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20, Павлодар облысында екпіні 23 м/с.
Қызылорда облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерінде шаңды дауылмен.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады. төтенше өрт қаупі сақталады.
baq.kz
21 қыркүйек 2020 ж. 558 0