Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: бүгін тек оңтүстік пен батыс қана жауын-шашынсыз

Ауа райы: бүгін тек оңтүстік пен батыс қана жауын-шашынсыз

"Қазгидромет" РМК ұсынған 19 тамызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай күтіледі, жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста ғана ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді. Тұман түсіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы да ықтимал.
Қарағанды облысында түнде жел кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, Ақмола облысында екпіні 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Павлодар облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 16 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Жалпы, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстіқ-батысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
baq.kz
19 тамыз 2020 ж. 532 0