Елді шулатқан екі тиіннің бірі не себепті құлатылды ?

Айта кетейік, студенттер алматылық тиіннің сыңарын жасап шығарған еді, алайда түп нұсқамен салыстырғанда бұл тиін су тегін болып шықты. Конструкцияға бірде-бір теңге жұмсалмаған. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылды. Туындыны 30 адам жұмылып, екі күнде бітірген болатын. Егіншілік институты мен жергілкті шаруалардың қолдауымен тұрғызылған мүсін 1 ай да тұрмады.
Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады дейді мамандар. Кейіннен сабандары түсіп, алқам-салқамы шыққан. Дегенмен, аз уақыттың ішінде кеміргішке ауылдықтардың көзі үйреніп қалған еді.
/sputniknews.kz/