Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Стоматологиялық емді кім тегін алуға құқылы?

Қызылорда: Стоматологиялық емді кім тегін алуға құқылы?

Тіс ауруы екі себеп бойынша жағымсыз. Біріншісі, әдетте, бұл өте ауыр. Екінші – тіс емдеу үшін қазіргі жағдайда қомақты қаражат қажет. Дегенмен, тістерді тегін емдей алатын азаматтардың санаттары бар.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері стоматогиялық клиникаларды аралау барысында БАҚ өкілдеріне олардың қатарына кімдер кіретіні туралы айтып берді.
ӘМСҚ-ның облыс бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханованың айтуынша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен МӘМС аясында қызмет көрсететін стоматологиялық клиникалардың саны артты.
– Тұрғындарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының дерекқорына кіретін еліміздің кез келген стоматологиялық клиникада қызмет көрсету мүмкіндігі бар, – деп түсіндірді ол. – Бұл қаражат пациенттің артынаң түседі дегенді білдіреді. Медициналық ұйымдардың тізіммен Қордың fms.kz. ресми сайтында танысуға болады.
МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Олар мұндай қызметтерді жоспарлы түрде ала алады: анестезия, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық формасын толық функционалды қалпына келтіру. Сондай-ақ, тісті жұлудың хирургиялық әдістері, еріннің, тілдің френальды болігіне платикалық хирургия, жақ рентгені және анестезия.
МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, I, II, III топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедек балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға
Осы санаттағы азаматтар шұғыл жағдайларда хирургиялық қабылдау, тұрақты тісті жұлу, абсцесті ашу, одонтогенді кистаны кетіру, альвеолитті емдеу, луночка жүйкесінің невритін емдеу, ауыз қуысының жұмсақ тіндерін кесу, жақ-бет аймағының жарасын бастапқы хирургиялық өңдеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балалар мемлекеттік тапсырыс есебінен ортодонтиялық көмек ала алады.
Сапардың бірінші нысаны – «Muslim Dent» стоматологиялық клиникасы. Тіс дәрігері және осы мекеменің директоры Коблан Коспанбетов БАҚ өкілдерің осы медициналық мекеменің жұмысымен таныстырды. Қабылдауға келген пациенттер көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына жоғары баға берді.
– Медициналық сақтандыру қорымен ынтымақтастық шеңберінде біз 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге, сондай – ақ заң бойынша осы көмек алуға құқыкты азаматтардың басқа да санаттарына тегін қызмет көрсетеміз, – деп түсіндірді Қ.Қосанбетов. – Бұл бізге де, емделушілерге де ыңғайлы әрі тиімді.
Келесі нысан – «Дента-люкс» стоматологиялық клиникасы. Бұрын бұл балалардың стоматологиялық емханасы болатын. Қазір де мұнда 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі.
Бұл күні қабылдауға бес жасар ағайынды-үшемшелер – Ерасыл, Жанасыл және Нұрасыл келді. Әжесі Дина Әбдірахманованың айтуынша, балақайлар осы клиниканың тұрақты клиенттері болып табылады. Егер Жаңасыл мен Нұрасыл тек жоспарлы тексеруге келсе, Ерасылдың ерте жастан бастап тістері ауырады.
– Мұнда керемет мамандар жұмыс істейді, – дейді Д.Абдрахманова. – Олар өз ісінің кәсіби мамандары, сонымен қатар кішкентай пациенттеріне көзқарас таба алады, бұл әрдайым оңай емес. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі балалардың дені сау болып өсуіне ата-анасына қосымша қаржылық шағынсыз көмектесетініне қуаныштымын.
А. Аханованың айтуынша, бүгінгі таңда Қордың облыс бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің Деректер қорында 40 стоматологиялық қызмет көрсететін ұйымдар тіркелген, оның 10 – ы (25%) мемлекеттік және 30-ы (75%) жеке клиникалар. Аталған медициналық ұйымдар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарымен бірлесіп орындау шарты негізінде медициналық қызмет көрсетіп отыр.
Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша облыс бойынша 887,4 млн.тенгеге  стоматологиялық  қызметтер көрсетілді.

kyzylorda-news.kz
20 қыркүйек 2021 ж. 564 0