Үш буынды модель
Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттемеден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлық жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, 2020 жылдың 31 желтоқсанында қолданысқа енгізілді. Жаңа заңға сәйкес қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Енді полиция қылмысты ашады, оған қатысты тұлғаларды анықтайды, дәлелдерді жинақтайды және бекітеді.
Прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қояды, азаматтардың қылмыстық процестің орбитасына заңсыз таралуына жол бермейді, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды.
Ал сот органның әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және түпкілікті шешім қабылдайды. Аталған қылмыстық процестің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді және жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді.
Осы орайда жаңа заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда.
Енді күдікті деп тану, әрекетін саралау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тергеп тексеру мерзімдерін үзу туралы шешімдер прокурордың келісімімен ғана жасалады. Прокурор айыптау актісін, бұйрықтық іс жүргізуді, теріс қылық хаттамасын және қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдер прокурордың шешімімен ғана жасалады.
Прокурор айыптау актісін, бұйрықтық іс жүргізуді, теріс қылық хаттамасын және қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітеді.
Сонымен қатар күдіктіге бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі прокурордың келісімімен жүргізілуде.
Жалпы, аталған жобаны іске қосу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тергеушілердің жұмыс орны компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Полиция органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін автоматтандырылған жұмыс орны қажетті копьютермен қамтылды. Нәтижесінде ауданда қылмыстық іс жүргізудің электронды форматы 98%-ке жетті.
Бүгінгі күнге жаңа заң аясында аудандық прокуратурамен барлығы 224 процессуалдық шешімді келісіліп, 102 шешім бекітілген. Өткен жылы 1 шешімнің, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 2 шешімнің күші жойылған. Сонымен қатар тергеудің төмен сапасына қатысты жекеше қаулылар шығарылмаған. Бұл дегеніміз жаңа заңның тиімділігін көрсетеді.
31 желтоқсаннан бастап заң бойынша ешқандай техникалық, теориялық немесе практикалық мәселелер туындап жатқан жоқ. Аудандық құқық қорғау органдары және соттармен бірлесіп, осы заңды қолданысқа енгізіп, басшылыққа алуға мүмкіндіктер жеткілікті.
Жаңа қабылданған Заңның берер нәтижесі және азаматтар құқығын барынша қорғауға қызмет ететіндігі жан-жақты айтылып, қызу талқыланды. Қазір аудандық прокуратурамен жаңа заңның мүлтіксіз сақталуына бағытталған барлық іс-шараларды тиісті деңгейде атқаруда.
Р. НҰРЛЫБАЕВ,
аудандық прокуратураның прокуроры, кіші әділет кеңесшісі