Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлнұр Оразымбетова артық май жинамаудың құпиясын ашты

Гүлнұр Оразымбетова артық май жинамаудың құпиясын ашты

Гүлнұр Оразымбетова үнемі бір қалыпта жүруінің сырын ашты. Әнші кішкентайынан пысық болғанының әрі ешкімге жамандық ойламауының арқасында артық май жинамайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.

"Кішкентайымнан үй шаруасына өте пысық болдым. Сабақ, үй тірлігі, қонақ күту, арасында жүгіріп барып ауылдың клубында өтетін концертке қатысып келем.

Мәәәә, соның бәріне үлгеріп жүретін Гүлекең, шүкір осындай формада тұрмын әлі деп қояйыншы.

Сын-пікірлер, артық айтылатын сөздер, намысыңа тиетін ауызменікілердің жаттанды комменттері. Сондайда жүрегімдегі ешкімге жамандық ойламайтын тазалығым, сабырым, иманым барлығынан құтқарады.

Жақсы ойласаң, денеңе артық май да жиналмайды деп әзілдеп қояйын", – деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

Желі оқырмандары өнер иесіне қолдау білдірді. Көпшілік әншінің киіну стиліне тәнті болды.

"Сырдың сәнқой сұлуы", "Жақсы ойласаң, денеңе артық май жиналмайды дегеніңіз қатып кетті", "Жақсы ойлап, жақсы жүрсең, жүрегің тыныш, қартаймайсың", – деп жазды оқырмандар.

stan.kz
28 қыркүйек 2021 ж. 266 0