Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Мұны көрген желідегі жұрт әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырған. Желідегілер өнер иесінің құрметті азамат атануға әбден лайық екенін жарыса жазды. Олар осылайша өнер иесіне деген адал ниеттерін білдірді.
"Лайықты адамсыз", "Ең биік белестерден көрініңіз", "Марапатыңыз құтты болсын", "Құрметіңіз арта берсін", "Гүлеке сіз гүлсіз", "Өте қарапайымсыз", "Еңбегің елене берсін", "Қазақстанның әрбір азаматы осы атаққа ие болсын", "Әнші қыздардың ішіндегі жақсы көретін қыздардың бірісің, жасанды қылық жасамайсың, сахна мәдениетін білесің, сұлусың, бақытты бол", - деп пікір білдірді жұрт.