Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмаудың алдын алатын тағамдар

Тұмаудың алдын алатын тағамдар

Көптеген аурулардың алдын алып, емдеуде тағамдардың атқарар рөлі ерекше. Олардың ішінде тұмау да бар. Батыста тағамдардың тұмаумен сырқаттанғанда тигізер пайдасы жөнінде арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Олардың нәтижесі мынадай.

Тауық сорпасы

Тұмаумен сырқаттанған кездетауық сорпасын ішуге байланысты екі зерттеу жұмысы белгілі. Олардың бірін Флоридадағы Маунт-Синай ауруханасының дәрігерлері жүргізген. Олар тауық сорпасының емдік әсерін құрамындағы екі қоспамен байланыстырады. Біріншісі – цистин аминқышқылдары. Олар –тауық етінің құрамында көп. Екіншісі – сорпаға міндетті түрде қосылатын бұрыштың құрамында кездесетін капсаицин. Оның емдік әсерін Небраска Университетіндегі медициналық орталық дәрігерлері де зерттеу жұмысынң нәтижесінде анықтады. Олардың пікірінше, тауық сорпасының құрамында иммунитетке оң ықпал ететін қоспалар бар. Одан бөлек тамақ ауруы мен жөтелді басатын, адамның хал-ахуалын жақсартатын заттар да кездеседі. Ғылымдар мына заттардан тауық сорпасын жасауға кеңес береді: тауық еті, пияз, картоп, шалқан, ботташық, балдыркөк пен ақжелкен. Сонымен қатар олар сорпаға тұз қоспауға болатынын айтады. Шымыен де тұзды тағам тұмау белгілерінің күшеюіне алып келеді.

Сорпаны ыстық күйінде ұсынғаныңыз абзал. Ауқаттанбастан бұрын, сорпаның буымен тыныстаған жөн. Ол емдік әсерін арттырады.

Сарымсақ

«Тұмауратқан кезде сарымсақтың пайдасы мол екенін бәрі біледі. Ол рас. Бірақ барлығы оны емдік мақсатта дұрыс қолдануды білмейді. Алдымен сарымсақты дұрыс дайындай білу қажет: сарымсақ тісшелерін ұсақтап турап, ауамен әсерлесуі үшін біраз уақытқа қалдыру керек. Оттегінің әсерінен ұсақталған сарымсақ жасушаларында белсендірілмеген аллин затын күшті аллицинге айналдыратын ферменттер белсендіріледі. Ол заттардың жиналуы үшін 15 минут жеткілікті. Аллицин құрамында күкірт бар. Ол күшті фармацевтикалық әсерге ие.Аллицин жүрек пен қан тамырларды қорғап, қан қысымын түсіріп, қатерлі ісікке қарсы әсер көрсетеді. Және ол тұмау мен суық тиюде көмектеседі. Иммунитетті нығайтып, микробқа және вирусқа қарсы әсер етеді. Сарымсақтың шикі күйінде пайдасы мол. Оны салат, бутербродтарға қосып, нанға жағып жеуге болады», – дейді мәскеулік емханалардың бірінде қызмет ететін дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Спахов.

Пияз

Пияз бен сарымсақтың ұқсастығы көп. Оның медициналық қасиеттері күкірт қосылыстарымен байланысты. Пиязды турап, ауада қалдырып қойсаңыз, олар да белсендіріледі. Сонымен қатар пияз құрамында пайдалы флаваноидтар бар. Ал қызыл немесе күлгін пиязда олардың мөлшері көбірек. Сондықтан тұмауратқан кезде пиязды көп жегеніңіз абзал. Ол – шикі күйінде пайдалы. Пісірген не қуырғанда көптеген маңызды қоспалары ыдырайды. Бірақ мына әдісті де қолданып көруіңізге болады: пиязды дөңгелктеп турап, ыстық суда жарты минут ұстап, артынша бірден суық су құйыңыз. Оны салаттар мен тұздықтарға қолдана аласыз.

Майлы балық

Балық, әсіресе, майлы түрі тұмауға қарсы  әрі қорғайтын тамаша әсер береді. Онда қан тамырларға ғана емес, жүрек пен ми, иммунитет үшін пайдалы Омега-3 қышқылдары көп мөлшерде кездеседі. Сондықтан тұмау уақытында аптасына 2-3 рет балық күнін ұйымдастырып тұрыңыз. Ақсерке, арқан балық сынды қымбат түрлеріне жүгірудің қажеті жоқ. Арзан тұратын майшабақ, сайра, скумбрия балықтарында да көп май бар. Бұл балықтардың тұздалмаған, консервіленген түрлерін емес, мұздатылған түрін сатып алыңыз.

Йогурт пен айран

Кей йогурттардың тұмаудан емделуге көмектесетінін жарнамалар арқылы білеміз. Бірақ тек бұл сусын ғана емес, айран, қатық, ұйыған сүт сынды ашытылған сүт өнімдері де аталған қасиетке ие. Олардың құрамында ішек жолдарында қызмет ететін, тек ас қорыту жүйесін ғана емес, барлық организмді қорғайтын пайдалы бактериялар бар. Бұл микрофлора – жалпы иммунитеттің нығайуы үшін аса маңызды. «Био» қосымшасы бар өнімдерге сүтті ашытатын кәдімгі бактериялардан бөлек, пробиотиктер қосылады.

Ет, құс еті

Ауа райы бұзылып, айналаңыздағы адамдар түшкіріп, жөтеле бастағанда, вегетариан болуға тырыспаңыз.

Қой еті — 100 грамм мөлшерінде цинктің тәуліктік нормасының 58%-ы бар.

Сиыр еті (майсыз) — 100 грамм мөлшерінде тәуліктік норманың 70%-ы бар.

Бұзау бауыры — 100 грамм мөлшеріде тәуліктік норманың 80%-ы бар.

Бидай өскіні

Нан жемейтін адамдарға арналған цинк көзі. 100 грамм бидай өскінінде цинктің тәуліктік нормасының 100%-ы бар.
massaget.kz
03 қазан 2021 ж. 383 0