Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенің ЖОҚ дегенің өте маңызды!

Сенің ЖОҚ дегенің өте маңызды!

XXI ғасырдың басты індетіне айналып, қоғамға қасірет орнатқан – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, көп қаражат және бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Елдің барлық күшін біріктіріп, осы дерттің алдын алу үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл індетке қарсы тұруға болады.
Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Әр адам өз әрекетіне жауап бере отырып, параны алудан да беруден де бас тарта алатын және өз әрекетін бақылай алуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.   
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады»,  шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитеттің қалыптастырылуына елім деген, өсем-көгерем деген әр азаматтың үлес қосуы - борышы болуы тиіс.
«Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса», - деген нақыл сөзді еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары болуға жұмыс жасасақ. Ел ертеңін қалыптастыратын жалынды жастар ретінде, аманаттың ауыр жүгін арқалай отырып, санаға серпіліс, қоғамға өзгеріс орнатайық, бастысы өзімізді «ЖОҚ», - деп тоқтайық!
Дидар Жайылханқызы,
Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
09 қазан 2021 ж. 749 0