Алдағы күндерде ауа райы жылынады

Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ, батыс және оңтүстікте дауыл болады деп болжануда. Батыста күндіз температура біртіндеп көтеріліп, 13-20 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталықта 8-15, оңтүстік аймақтарда 13-20 градусқа дейін жылынады.
kyzylorda-news.kz