Мал азығы – маңызды мәселе

Алдымен Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржыға жем-шөп алынып, елді мекендерге үлестіріліп берілді. Тығырықтан шығуға жанашырлық танытқан осындай ел азаматтарына әлі күнге алғысымызды білдіреміз. Және шөп оруға арнайы жастардан құралған бригадалар да жасақталып, көмек көрсетті.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, апта сайын аудан орталығында жәрмеңке ұйымдастырылып келеді. Тұрғындар қажетті азық-түлікпен қоса жем-шөппен де қамтамасыз етілуде.
Бұл жасалынған шаралардың барлығы алдағы жылы осындай қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
А. СҮЛЕЙМЕНОВА,
қала тұрғыны