Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғысымыз шексіз

Алғысымыз шексіз

Ауданда төтенше жағдай жарияланғалы бір жарым айдың жүзі болды. Осы қуаңшылық жағдайға байланысты аудан шаруаларын жем-шөппен қамту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар елдің көз алдында. Қазіргі таңда ауданға қарасты елді мекендер жем-шөппен қамтылуда.
Көршілес аудандар мен басқа облыстардан ауданға жем-шөптің жеткізілуі аудан шаруаларына үлкен жеңілдік болды. Ауыл тұрғындары қиналған кезде көмек қолын созып, жомарттық танытқан азаматтарға риясыз алғыстарын білдіруде.   Сонымен бірге жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан қомақты қаржының аударылуы белкөтерме болды. Меценат Б.Өтемұратовтың бөлген қаржысы өңірдегі бірнеше каналдарды тазалау, су ұңғымасын іске қосу, жем-шөп қорын дайындау, қажетті техника алуға жұмсалуда. Жақында осынау қор қаржысынан алынған шөп шапқы машиналарының көмегімен аудандағы шабындық жерлерден шөп орылып, жәрмеңкеде қолжетімді бағада сатылғаны көпшілікті қуантты. Бүгінде аудан орталығында және ауданға қарасты ауылдық округтердегі мал азығына қажетті жем-шөп сатылып, төрт түліктен нәпақа тауып отырған жандардың көңілін бір серпілтіп тастады.
Сондай-ақ қалада ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, ет, сүт және бау-бақша өнімдеріне тиімді бағада қол жеткіздік. Осындай атқарушы билік тарапынан тұрғындар үшін жасалып жатқан жұмыстарға алғысымыз шексіз.
Бейбіт  ШАНХАЕВА,
қала тұрғыны
05 қазан 2021 ж. 651 0