Шалғай ауылға көмек барды
Ауданда орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты белгілі меценат, жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржыдан жем-шөптен қолдау-көмек көрсетілуде. Аудан шаруаларын жем-шөппен қамту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар көз алдымызда. Қазіргі таңда ауданға қарасты елді мекендер жем-шөппен қамтылуда.Аталған қор есебінен Беларан ауылдық округі халқына да 16 тонна шөп, 22 тонна жем тегін таратылып берілгені тұрғындар үшін үлкен көмек болды. Мұндай қолдау біз сияқты нәпақасын төрт түліктен тауып отырған жандарды бір серпілтіп тастады.Сонымен қатар ауылдықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған ГАЗ-53 маркалы автокөлігі беріліп, құжаттары да рәсімделуде. Сондай-ақ аудан әкімінің бастамасымен ауызсу таситын автокөлік жүргізушісіне 1 штаттық бірлік берілуі және төтенше жағдай кезінде бюджет қаржысынан ауыл тұрғындарына төмен бағада мал азығын жеткізудегі автокөліктің жанар-жағармайының өтелуі ауылдықтардың қуанышын еселей түсті.
Осындай игілікті шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болған жанашыр жан Б.Өтемұратовқа және аудан әкімі С.Сермағамбетовке, орынбасарларына, бөлім басшыларына ауылдастарымның атынан шынайы алғысымды білдіремін.
Жақып ЖҰБАНЫШОВ,
Құланды ауылының тұрғыны