Бұл қиындықты да ел еңсеріп келеді

Елімізде белең алған қуаңшылық жағдайға байланысты аудан әкімінің қолдауымен көптеген шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жаңақорған, Шиелі, Байқоңыр, Қазалы, Жамбыл және де еліміздің көптеген аймағынан көмек көрсетілді. Жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қорынан 213 млн. теңге қаржы бөлініп, 506 жанұя бидай жеммен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге аудан кәсіпкерлері де көмек қолын созып, ауыл тұрғындары жем-шөппен қамтамасыз етілді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бұл қиындықты да ел еңсеріп келеді.
Қуаңшылық жағдайында Арал жеріне су тапшылығын жою бағытында да біршама жұмыстар жүргізілді. Қамбаш көлін суландыру үшін бөгет қойылып, сумен қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.
Қуаңшылықтан ауыл шаруашылығы зардап шегетіні белгілі. Сол үшін бұл нәрсені зерттеу – ең басты проблемалардың бірі. Осындай қиын-қыстау уақытта көмек көрсеткен кәсіпкер азаматтардан келешек жастарымыз да өнеге алары сөзсіз.
Айсауле НҰРЛАНОВА