Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңілімізден шықты

Көңілімізден шықты

Аудан аумағында орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты белгілі меценат, жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржыдан жем-шөптен қолдау-көмек көрсетілуде.
 Осы қор есебінен қаншама тонна жем-шөп, бидай кебегі ауданға жеткізіліп жатыр. Қаладағы және  ауылдық елді мекендегі тұрмысы төмен отбасыларға мал азығынан көрсетіліп жатқан көмек үлкен белкөтерме болды.
Ауданымызға осындай жем-шөптің тұрақты түрде жеткізіліп, қолжетімді ету мақсатында сенбі сайын қаладағы темір жол өткелінің маңында мал азығы және ауыл шаруашылығы өнімдері жəрмеңкесі өткізілуде. Мен де осы жәрмеңкеден малымды қыстан аман алып шығу үшін қажетті мөлшерде жем-шөп сатып алдым. Мұндай көмек мен сияқты нәпақасын төрт түліктен тауып отырған жандардың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен бірге ауылдық округтерден әкелінген бақша дақылдары, ет-сүт пен балық өнімдерінің базар бағасынан төмен әрі сапалы болуы қала тұрғындарын бір серпілтті.
         Осындай атқарушы биліктің тұрғындар үшін ұйымдастырып жатқан игілікті істеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

К.ШМАНОВА,
қала тұрғыны
15 қыркүйек 2021 ж. 258 0