Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дене шынықтыру мұғалімдеріне үстемеақы төленеді

Дене шынықтыру мұғалімдеріне үстемеақы төленеді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім еткендей, биылдан бастап мектеп қабырғасындағы спорттық секцияны өткізетін дене шынықтыру пән мұғалімдеріне қосымша үстемеақы төленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Спорттық секциялар ашып балалар спортын дамытамыз дейміз, бірақ оның екінші жағы бар. Оны жүргізетін адамның еңбегін ұмытпаған жөн. Сондықтан да спорттық секция жетекшілерінің жалақысына қосымша 17 мың теңге үстемеақы төленеді. Балаларға арналған спорттық секция аптасына 3 рет өтіп тұруы тиіс. Оны мектептің дене шынықтыру пәні жүргізеді. Бұған дейін спорттық секциялар тегін түрде өткізілетін, ендігі уақытта оған қосымша үстемеақы төленеді. Оқуышыларда таңдау болу үшін спорттың барлық түрін қамтуға тырысамыз. Оның ішінде футбол, волейбол, баскетбол, шахмат және тағы басқа. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері де бар», деді А. Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.
Мининстрдің айтуынша, аталған төлемақыны белгілеу биыл қыркүйек айынан бастап қолға алынды.
«Біздің мақсат – балаларды көптеп спортқа тарту, баулу. Спортты ілгерілетуге қатысты жұмысты Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз», деп қосты ол.
15 қазан 2021 ж. 816 0