Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

19 қазанға арналған ауа райы болжамы

19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с артады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с артады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – тұман, күндіз Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

kyzylorda-news.kz
19 қазан 2021 ж. 179 0