Алдағы екі жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе артады

Қазірдің өзінде ұстаздардың жалақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, сынып жетекшілігіне, тәлімгерлікке, магистратураға, ағылшын тілінде пәндерді оқытуға төленетін қосымша төлемдер ұлғайтылды. Педагогикалық этика мен мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша арнайы Кеңестер құрылды.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелері білім саласындағы проблемаларды да атап өтті. Осы жылдың соңына дейін елордада құрылыс жүріп жатқан кейбір мектеп уақытынан кеш тапсырылуы мүмкін. Оған қоса, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі жалғасуда, салаға 700 -ден астам маман қажет.
«Ағымдағы жылы 75 мыңнан аса педагогты қамтитын 1000-ға тарта біліктілікті арттыру курстары жоспарланып, тиісті түрде қаржыландырылды. 2020-2023 жылдары аралығында біліктілікті арттыру курстарының білім беру сараптамасын жүргізу үшін сараптамалық кеңестер құрылды»,- деді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.
kyzylorda-news.kz