27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінде жаңбыр күтіледі, елдің батысы, оңтүстік-шығысы жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік—батысында, орталығында түнде және таңертең тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.
kyzylorda-news.kz