Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 қазанда ауа райы қандай болады?

29 қазанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысымға байланысты күн жауын-шашынсыз болады.
Елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында – жел күшеюі ықтимал.

kyzylorda-news.kz
29 қазан 2021 ж. 445 0