Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2 қараша күні республиканың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын.
Қарашаның алғашқы күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі – солтүстік-батыста түнгі температура 5…15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10…20 аязға дейін, оңтүстікте 3…13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

kyzylorda-news.kz
02 қараша 2021 ж. 403 0