Аймақ айтулы істермен айшықты
Осы аптаның бейсенбісі күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Жолдауы аясында аймақтың дамуы туралы мәлімдеді. Тәуелсіздік жылдары және Жолдау аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, негізгі тірек салалардағы даму көрсеткіштерді баяндаған аймақ басшысы:
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағыттағы тапсырмаларына сәйкес Тәуелсіздік жылдары өңір экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты. Күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті. Өңіріміз жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны бойынша елдегі үздіктердің қатарында. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімі өндірісі 0,5%, оның ішінде өңдеу саласы 12,6%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,3% өсті. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері саны 6,6%, құрылыс жұмыстары 2,4% өсіп, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 3,5% артты, – деді.
Иә, 2021 жыл да облыс үшін табысты жыл болды. Көптеген жұмыстар жалғасын тауып, барлық сала бойынша өсімге қол жеткізді. Бұл ретте Гүлшара Әбдіқалықова аймақ экономикасына, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 2,6 есе артқанынан да хабардар етті.
Баспасөз конференциясында ауданымызға қатысты да бірқатар жұмыстар айтылды. Арал ауданында кальцийленген сода зауытының құрылысы басталады деген аймақ басшысы мұнан өзге де мәселелерге тоқталып өтті.
Ал су деңгейінің тартылуына байланысты:
– Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес жалпы көлемі 775 млн текше метр құрайтын Қараөзек су қоймасын салу басталады. Біздің мақсат суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыруды және су ресурстарын тиімді пайдалану, – деген Гүлшара Әбдіқалықова суды тиімді пайдаланудың жолдарын да айтты. Жолдауға сәйкес 2025 жылға дейін республика бойынша қайта жаңғыртылатын 120 каналдың 21-ін Қызылорда облысы аумағында жүзеге асыру көзделіп отырғанын баяндаған ол биыл Арал ауданындағы құрғақшылықтың қиындығын тілге тиек етті. Малдың жаппай қырылып, суармалы судың жетіспеуіне орай жарияланған төтенше жағдай мен жедел шаралардың нәтижесінде ахуалдың тұрақталғанын, жоғарыда аталған суды тиімді пайдалану арқылы бұл жағдайдың алдағы уақытта алдын алуға болатындығын көрсетті.
Иә, қуаңшылық қыспаққа алған аудан тұрғындарына, малшыларға көмек ретінде жем шөппен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, суат мәселесін шешуге, жайылымдарды, шабындықтарды суару және көл жүйелерін суландыру мәселелерін шешуге 600 млн теңге бөлінді. Ал меценат Болат Өтемұратовтың қорынан 280 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға Қостанай және көршілес Ақтөбе облысынан жем қоры тасымалданып, Ырғыз ауданынан 15 мың гектар жайылымдық жерлерін 5 жылға жалға алу жөнінде келісім жасалды. 30 қыркүйекте Арал ауданы мен Ырғыз ауданы әкімдіктері екі жақты меморандумға қол қойып, мәселе оң шешімін тапты.
Мұнан бөлек, ауданның ата кәсібі болып саналатын балық шаруашылығы жайында сөз еткен Гүлшара Наушақызы «Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы іске асуда. Ол тауарлық балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал балық өнімдерінің экспорты 2 есе – 8,5 мың тоннаға дейін өседі» деді брифингте.
Мұнан бөлек, облыстың басты эскпорты саналатын күріш егісі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, өңірдегі коронавирустық инфекцияны тежеу, әлеуметтік мәселелерді шешу, апатты мектептерді жою мен жаңа нысандарды салу, өзге де өзекті мәселелерді қозғап, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жүргізілген және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын жұмыстардың бірқатарына тоқталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асқан шараларды хабарлап, баспасөз құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
"Толқын" ақпарат