Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова: 30 жылда Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды

Гүлшара Әбдіқалықова: 30 жылда Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында брифинг өткізді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағыттағы тапсырмаларына сәйкес бұл жылдары өңір экономикасына 4 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты», – дейді аймақ басшысы.
Сонымен қатар күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті. Сондай-ақ Қызылорда облысы шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны бойынша елдегі үздіктердің қатарында.
18 қараша 2021 ж. 405 0