Қызылордада 6 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда 20 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 1 047 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 113, Алматы қаласы – 114, Шымкент қаласы – 22, Ақмола облысы – 83, Ақтөбе облысы – 16, Алматы облысы – 59, Атырау облысы – 19, Шығыс Қазақстан облысы – 80, Жамбыл облысы – 11, Батыс Қазақстан облысы – 20, Қарағанды облысы – 114, Қостанай облысы – 109, Қызылорда облысы – 6, Маңғыстау облысы – 4, Павлодар облысы – 115, Солтүстік Қазақстан облысы – 143, Түркістан облысы – 19.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 963 828.