Қар жауып, көктайғақ болады: Қызылордада ауа райына қатысты ескерту жарияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі алыс жолға шықпауға кеңес беріп отыр. Толассыз жауған қар мен көктайғақ салдарынан жаппай жол апаты болуы мүмкін
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты елдің 13 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Орталықта толассыз қар жауса, батыс пен шығысқа күн жылынып, көктайғақ болды.
Дабылды ескерту
Нұр-Сұлтанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Екі күн бойы қар тоқтамай жауып тұр.
Синоптиктер Шымкентте де жел 23 м/с-ке дейін күшейетінін ескертті.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ және жел болады. Өңірдің шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде - көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз қар, жаңбыр жауып, бұрқасын жүреді. Жол көктайғақ, облыстың солтүстігі мен батысында жел жылдамдығы - 15-20, екпіні - 25 м/с.
25-26 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жауған жаңбыр қарға ұласады. 26-27 қарашада облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында желдің екпіні секундына 15-20 м/с шамасында.
Синоптиктер Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде тұман болатынын болжады. Өңір шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында - тұман, көктайғақ.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15-20 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігі, солтүстік-шығысында - көктайғақ, тұман. Батыста жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігі мен шығысында - шаңды дауыл. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.
sputnik.kz