Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтарға алдану азаяр емес

Алаяқтарға алдану азаяр емес

Арал ауданы көлемінде интернет алаяқтығының саны күрт өскен. Жыл басталғалы бері Арал ауданында бұл қылмыстың түріне қатысты 18-ге жуық іс анықталды. Ал осыдан 3-4 жыл бұрын мұндай сан бір жылда тіркелетін. Ішкі істер органдары интернет алаяқтыққа  қарсы мұндай   іс-шараларды қолға алуда. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін  не істеу қажет? Ел-жұрт неліктен қарапайым қауіпсіздік  шараларын сақтай бермейді? Интернет алаяқтықтың ең басты ерекшелігі – жалпақ жұрттың бәріне қатысты жасалатындығында.
Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы  пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Уақыт талабынан олар да қалыс қалмай келеді деген спикер ғаламтордағы  әккілердің, әсіресе әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие  рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.
Интернет  алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде  интернет алаяқтардың құрбанына  айнала алатыны белгілі болды.
Соның бірі – WhatsApp мессенджерінде анықталған «Бәс тігуден-кассаға» деп аталатын чат. Оны құрушы спорттық сайыстарға тиімді ставка тігіп, сол арқылы 50 пайыз кіріс алуды жарнамалап келген. Чат әкімшісі –   Қызылорда облысының бір тұрғыны Ватсап арқылы санаулы күнде ақшаңызды көбейтіп беремін деп, бірталай адамды жалпы соммасы 4 миллион теңгеге тақырға отырғызып кеткен. Осындай кейінгі кезде алаяқтардың «Сіздің нөміріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды» деп кез келген кездейсоқ абоненттік нөмірге қоңырау соғуы немесе  SMS хабарламалар жіберуі жиілеп кеткен.
Атап айтқанда:2020 жылдың тамыз айының 4-і күні Түркістан облысы, Шымкент қаласының тұрғыны  «А» есімді азаматшаны белгісіз біреу алаяқтық жолымен сенімге кіру арқылы «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы танысып, интернет желісіндегі «1хВеt» букмекерлік компаниясы арқылы салған ақшаңды 5 күн ішінде 40%-бен өсіріп беремін деп өзіне сендіру арқылы жәбірленуші «А»  азаматшадан 4 000 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен өзіне аудартып алған. Аталған оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, іздестіру жұмыстары барысында алаяқтық қылмысын жасаған  Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны «С» есімді тұлға екені анықталып, жасаған қылмысы әшкереленіп, қамауға алынды. 
Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айының 24-і күні Алматы қаласының тұрғыны «Ш» есімді азаматшаны «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық жолмен сенімге кіру арқылы танысып, интернет ойындары арқылы салған ақшаңды 50 және 100 есеге көйбейтіп беремін деп, алдау арқылы  жәбірленуші «Ш»-дан  200 000 мың теңге ақшасын алаяқтық жолымен алдап алған. аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп қылмыстық іс қозғалған. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде бұл қылмысты жасаған Арал қаласының тұрғыны «Б» есімді тұлға екені анықталып, жасаған қылмысы әшкере болған.
    Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы. Әсіресе  сұранысқа ие инстаграм әлеуметтік желісінде кімнің ақ, кімнің арам екенін ажырату өте қиын. Осыған орай алаяқтық қылмыстарының алдын алу мен болдырмау мақсатында 2021 жылдың қараша айының 8-14 күндері аралығында Арал  ауданы көлемінде «Хай-Тек» жедел операциялары өткізілуде. Бұл іс-шаралардың маңыздылығы барлық кибер қылмыстардың алдын алу, осыған ұқсас заңсыздықтарды әшкерелеуге бағытталған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге, сондай-ақ ерекше қызығушылық танытатын пайдаланушылардың парақшаларына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл тәсіл интернеттегі алаяқтық  схемаларды анықтауға көп септігін тигізеді.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын  жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеу керектігін назарға саламын.
   Сондықтан  алаяқтық  қылмыстары бойынша қандай да бір мәліметтер анықталған жағдайда, Арал ауданының полиция бөлімінің 8/724-33/2-14-81, 2-22-02, 102 сенім телефонына хабарлауды, хабарлама берген адамның аты-жөні құпиялықта сақталатынын аудан тұрғындарының назарына саламыз.
Н. ШЕГЕБАЕВ,
Арал аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі
01 желтоқсан 2021 ж. 485 0