Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Шығыс Қазақстан облысының батысында түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-23 м/с күшейеді, облыстың батысында, орталығында және шығысында жаяу бұрқасын, күндіз солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының батысында, орталығында түнде, солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Қостанай облысының шығысында түнде, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл, тау және таулы аудандарында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, тау, таулы аудандарында жел 15-23 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл, күндіз таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Атырау облысында түнде және таңертең, Маңғыстау облысының батысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
kyzylorda-news.kz