Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жалған талон сатқан облыс тұрғыны ұсталды

Қызылордада жалған талон сатқан облыс тұрғыны ұсталды

Қызылордалық полицейлер дизель отынына жалған талон сатқан 27 жастағы облыс тұрғынын ұстады.
Белгілі болғандай ер адам талондарды сканердің көмегімен көшіріп, халықаралық тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерге 200 теңгеден сатқан.
Жүргізушілер талондардың жалған және жарамсыз екенін білгеннен кейін бірден полицияға жүгінген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 400 мыңнан аса теңгені құрады.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

kyzylorda-news.kz
08 желтоқсан 2021 ж. 356 0