Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықты ревакциналау тәсілі өзгерді

Халықты ревакциналау тәсілі өзгерді

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі күні 45 мыңға жуық адам індетке қарсы қайта екпе алған, деп жазады Egemen.kz.

«Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакцинациялау тактикасын қайта қарады», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар еліміздің бас дәрігері кімдер екінші рет екпе алуы қажеттілігіне тоқталды.

«Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап 6 айдан кейін вакцинацияны екі дозамен аяқтаған барлық адамдар, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен ауырған адамдар ревакцинацияланады», деді Алексей Цой
09 желтоқсан 2021 ж. 253 0