Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұзақ өмір сүрудің қарапайым үш амалы

Ұзақ өмір сүрудің қарапайым үш амалы

Ұзақ өмір сүруге адамның генетикасы тікелей әсер ететіні белгілі. Бірақ адамның өмір сапасын жақсартар басқа да себептер барын ұмытпаған жөн. Соның негізгісі – дұрыс тамақтану.

Диетологтар ұзақ өмір сүру үшін тамақтанудың келесідей үш қарапайым амалын ұсынады. Соған құлақ түрейік.

Түрлі-түсті тағам жеуге тырысыңыз

Тағамның түсі оның құндылығын білдіретінін білесіз бе? Жеміс-жидек пен түрлі-түсті көкөніс адам ағасына пайдалы екенін бәріміз білетін болармыз. Ендеше сол қағиданы ұстанып, түрлі жеміс-жидек пен көкөніс жеуге тырысқан жөн. Жемістердің түрлі-түсті болуының өзіндік ғибадаты бар. Бұл – оның түрлі дәрумен мен құнды заттарға бойы толы екенін көрсететін белгі.

Сондықтан америкалық диетолог Эми Гудсон "барынша түрлі-түсті жеміс пен көкөністерді жеуге тырысу керек" дейді. Соғұрлым тағам пайдалы, құнарлы болмақ.

80/20 ережесі

Ұзақ өмір сүрудің кілті – тұрақтылық пен үйлесім. Диетологтар тамақтану кезінде 80/20 ережесін ұстанудың маңызы зор екенін айтады. Яғни, тамақ рационыңыздың 80 пайызын құнарлы, пайдалы тағамдармен толтырып, ағзаны нәрлі азықпен қоректендіресіз. Ал қалған 20 пайызын қалағаныңызша ішіп-жеңіз. Тәтті-пәтті, нан өнімдерін жесеңіз болады.

Бұл қағида – диета ұстамай-ақ дұрыс тамақтанудың амалы болып табылады.

Тойып жемеңіз

Тағамды орнымен жеген жөн. Көп тоюға, артық ішіп-жеуге тырыспаңыз. Бұл ағзаға ауырлық түсіреді. Америкалық диетолог Рэйчел Полдың айтуынша, көп тағам жеу артық салмақ жинауға, семіздік пен созылмалы дерттің пайда болуына әкеледі.

Семіз адам диабет пен қатерлі ісік сынды ауыр дертке тез шалдығады.

Қарын ашқанда ғана ас ішіп, тоқтыққа қанағат еткен жөн.  

massaget.kz
10 желтоқсан 2021 ж. 608 0