Холестеринді төмендететін тағам түрлері қандай?
Адам организміндегі холестерин деңгейіне диета ұстау, шылым шегу, физикалық күш түсу, жас пен генетика әсер етеді.
Ал холестеринді төмендету үшін бұршақ пен сұлыны көбірек тұтынған жөн деп жазады Lenta.ru.
Сарапшылардың айтуынша, әйелдер мен ерлерде холестерин деңгейі жас ұлғая келе жоғарылайды. Ал әйел адамдар әсіресе, репродуктивтілік кезеңі тоқтаған шақта оның зардабын шегуі мүмкін. Диетологтар 50 жастан асқан соң холестеринмен проблема болмас үшін күнделікті тамақтану кезінде еритін жасұнықты қолдануға кеңес береді.
Айта кетерлігі, сұлы және сұлы ұнынан жасалған тағамдардың пайдасы мол. Жеміс-жидек, бұршақ, бадам секілдә дәндер еритін жасұныққа жатады. Әсіресе, таңғы асқа сұлы ботқасын жеп, бадам және алмамен жүрек жалғасаңыз, түскі асқа бұршақ өнімдерін жеудің пайдасы мол.
Күніне 25-тен 38 грамға жейін жасұнық жеу холестериннің жоғарыламауына көмектеседі деп отыр мамандар.
baq.kz