Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аш қарынға не істеуге болмайды?

Аш қарынға не істеуге болмайды?

"Адам аш қарын жүрмеуі тиіс", "аш қарынға былай істеуге болмайды, өйтуге болмайды" дегенді жиі естиміз. Адамның ашыққан кезі мен аш қарын жүруі – өте нәзік тақырып. Аш қарынға бөтен тағамдар ішуге, жеуге болмайды. Асқазанның аш кезін дұрыс пайдаланған абзал.

Ендеше үнді диетологтары аш қарынды бүлдірмеудің келесідей кеңестерін ұсынады екен.

Біріншіден, аш қарынға шәй не кофе ішуге болмайды. Кофеин оянбай жатқан ағзаны улап, асқазандағы қышқыл деңгейін көтеріп жібереді. Сондай-ақ үнді диетологтарының айтуынша, аш қарынға спирттік ішімдіктер ішуге болмайды. Спирт қанға тез сіңіп, ағзаны этанолмен улауы мүмкін.

Екіншіден, аш қарында сағыз шайнауға болмайды. Бұл да асқазан сөлінің бөлінуіне әкеледі. Ал асқазанда түк (тағам, ас-ауқат) жоқ болғандықтан, ол сөл шырышты қабатты ерітіп, тоздырып жіберуі мүмкін. Ал мұның соңы асқазан жарасына айналуы мүмкін.

Үшіншіден, аш қарынмен жүріп сауда жасауға болмайды. Әсіресе, супермаркетке не дүкенге барып азық-түлік алуға. АҚШ зерттеушілерінің айтуынша, аш жүрген адам "ашкөздікке" салынып көп тауар алып қояды екен. Соның ішінде керек емес, бос заттар да болуы мүмкін. Ал бұл қаржылық тұрғыдан жақсы нәрсе емес.

Төртіншіден, аш қарында "айтысуға", пікірталасқа түсуге, жанжалдасуға болмайды. Дискуссияға түскен адам тез энергия жоғалтады, содан қанда глюкоза түсіп кетеді. Ал ондай кезде адамның эмоциясын ұстай алуы қиын. Бір нәрсені бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

massaget.kz
22 желтоқсан 2021 ж. 1 285 0