Алтын жүрек азаматтар бар бізде

Сондай жаны жомарт, иманжүзді, қамқорлығы мол жандардың қатарында «АСТА» ЖШС-ның директоры М. Жұмашев және ауыл азаматтары Арал теңізінің №5 бөлімшесінің меңгерушісі А. Шаңқұлов, балық аулаудың инженері О. Қаныбетов болды.
Қайырымды жандар «Сыр жомарты» қайырымдылық айлығы негізінде жаңа жыл мерекесіне орай «Жалаңаш», «Тастүбек» елді мекенінде тұратын балықшылар мен мектептегі үздік оқушыларға қайырымдылық жасады. Ауылдық округтегі жүз балықшыға, оның жетеуіне телевизор, басқа балықшыларға, үздік оқыған 20 оқушы мен 6 жақсы жетістіктерге жеткен мұғалімдерге және ауылдағы 5 мекемеге, барлығы жеті жүз мың теңге көлемінде сый-сияпаттар жасады. Мұндай қайырымдылықты бұл азаматтар өткен жолы да жасаған болатын. Ауыл тұрғындары, әсіресе, балықшылар қауымы, осындай игілікті жұмысты атқарып, халықтың ықыласына бөленген үш азаматқа алғыстарын айтып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі.
Ә. Әбілов,
әлеуметтік педагог.