Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Бүгін жаңа жыл мерекесіне орай облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова соғыс ардагері Любовь Колесникті құттықтап, үйіне барды.
Майданда отан үшін от кешкен ардагерге аймақ басшысының ізгі лебізі жазылған құттықтау хатын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет майдангердің қасиетті Отанды қорғаудағы жанкештілігі мен ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі екендігін тілге тиек етіп, кейуанаға ұзақ ғұмыр тіледі.
Айта кетейік, Любовь Колесник – 1925 жылы 4 тамызда қазіргі Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Жұбайы Николай Севастьянович Колесник те соғыс ардагері болған. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен. Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс жасады. 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Ұзақ жылдары бойы сол мекемеде еңбек етіп, құрметті зейнет демалысына шыққан.

kyzylorda-news.kz
31 желтоқсан 2021 ж. 580 0