Қызылордада тұман түсіп, көктайғақ болады
Антициклон ҚР солтүстік және солтүстік-батыс өңірлеріне әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің қалған аумағында оңтүстік циклондар мен фронтальды бөліктердің әсерінен қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жауын – шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, орталықта, солтүстікте бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
kyzylorda-news.kz