Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық синоптиктер 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, оңтүстік жартысында жауын-шашынды (жаңбыр мен қар) болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында күндіз синоптиктердің болжауынша, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман болады.

kyzylorda-news.kz
14 қаңтар 2022 ж. 486 0