Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер омикрон штаммының ерекшелігін айтты

Дәрігер омикрон штаммының ерекшелігін айтты

Ресейлік имунолог Владимир Болибок омикрон штамының ерекше белгілерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігер Владимир Болибок covid-19 штамдарының ішінде омикронға шалдыққан адамда кеуде тұсындағы ауырсыну әсерінің сирек болатынын айтты.

“Бұл штам көбіне пневмониямен ауырған науқастарға жұғу қауіпі басым. “Омикрон” пневмонияны да тудыруы мүмкін. Егер адамдар бұл ковидті пневмонияға шалдықса екі есе ағза зақымданады және қайтыс болу қаупі де сонша есеге өседі. Алайда ауру екпіні өзге ковид штамдарына қарағанда жеңіл”-, деді дәрігер Владимир Болибок.

Имунолог омикрон штамының негізгі белгілерін де атап өтті.

“Омикронның белгісі тамақтың қатты ауруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел. Бұған температураның жоғарылауы мен әлсіздік, бас ауруы қосылады”-, деп түсіндірді Болибок.

Сонымен қатар бұл штамды жұқтырған кезде иістің жоғалатынын, алайда өзге штамдарға қарағанда иіс сезу тез оралатынын жеткізді.
14 қаңтар 2022 ж. 482 0