Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер балаларда кездесетін омикрон штаммының белгілерін атады

Дәрігер балаларда кездесетін омикрон штаммының белгілерін атады

Британдық дәрігер Дэвид Ллойд омикрон штаммын жұқтырған балаларда пайда болатын аурудың ерекше белгісін атады. Бұл туралы маман Sky News телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Оның айтуынша ересектер мен балалардағы ауру белгілерінің айырмашылығы бар екенін және "омикронмен" ауыратын балалардың 15 пайызында әдеттен тыс бөртпе пайда болады.

Дәрігер мамандардың вирустың осы штаммы туралы біртіндеп көбірек біліп жатқанын айтты.

"Бұл нұсқа "дельта" сияқты көп өлімге әкелмейді және біз оны жеңе аламыз деп үміттенейік", - деп түйіндеді маман.

Айта кетейік, 24 қарашада ғалымдар Оңтүстік Африка мен Ботсванада коронавирустың жаңа штаммын анықтады. Оған гректің omicron әрпі берілді. Оның COVID-19-дың кез келген басқа штаммдарынан, соның ішінде "дельтадан" да қауіпті болуы мүмкін екені атап өтілді.

Жаңа штамм құрамында 32 мутация бар, олардың кейбіреулері оның жоғары таралу қабілетін және вакциналарға төзімділігін көрсетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штаммын зерттеуге бірнеше апта қажет болатынын айтты. Бірақ сарапшылар қазірдің өзінде омикрон вакциналарға төзімдірек және тезірек таралуы мүмкін деп болжайды.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, қолданыстағы ПТР сынақтары бұл штаммды тануға қабілетті. Дегенмен, олар омикрон адамзатқа Эбола вирусы сияқты қауіп төндіреді деп есептейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала мәліметтері бойынша, коронавирус жұқтырған адамдарда жаңа штамммен жұқтыру қаупі жоғары болуы мүмкін.

Бұған дейін Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альштейн коронавирустың омикрон штаммының таралуы COVID-19 пандемиясының аяқталуына әкелуі мүмкін деп болжады.

massaget.kz
08 желтоқсан 2021 ж. 640 0