Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Рахима Ахметова: Біз бірлігімізді сақтай білдік

Рахима Ахметова: Біз бірлігімізді сақтай білдік

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Мәжіліс отырысында жасаған үндеуін алдымен теледидардан тыңдап, газет бетінде жарияланған соң мұқият оқып шықтым.
Президент алдағы жылдар ішінде ел дамуындағы бағыт-бағдарды айқындап, үлкен жұмыстарды Үкіметке жүктеді, бірқатар салаларға реформалар қажет екендігін мәлімдеді.
Еліміздегі күш құрылымдарды, білім, денсаулық, әлеуметтік салаларды жаңғыртуды өзекті мәселе етіп белгіледі.
Президентіміздің бастамасын толық қолдаймын, дер кезінде жасалған батыл қадам деп есептеймін.
Еліміз душар болған қиын сәттерді барлық қазақстандық аналардай мен де қиналып, жүрегіммен қабылдадым. Қиын қыстау кезде бірлік, береке, бейбітшілік деген қастерлі құндылықтардың қадірі сыңға түсті. Қас-қағым сәтте ел санасына үрей себу мүмкін екенін көрсетті.
Бірақ біздер дұшпанға таба, досқа күлкі болмай, бірлігімізді сақтай білдік. Бұл ең маңызды жеңісіміз екені ақиқат.
Елдігімізді сақтау жолында өмірден қыршын кеткен азаматтардың отбасылары мен балаларына көңіл айтамын және ол батырлардың ерлігі елдің есінде мәңгі қалатынына сенімдімін. Оған дәлел Алматы қаласында қаза тапқандардың құрметіне қойылатын ескірткіш орнының белгіленгені.
Қиын кез артта қалғанымен, жүрегіміз әлі де тыныш емес.
Мен ана ретінде балаларымыздың келешегін ойлаймын. Ендігі жерде жас ұрпақтың жүрегіне Отанға, Елге, халыққа сенімділікті, жанашырлықты, махаббатты ұялату – біздің, аналардың, басты міндеті.
Халық бірлігі – басты құндылығымыз!
Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық!
Рахима Ахметова,
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

kyzylorda-news.kz
14 қаңтар 2022 ж. 354 0