Елбасы үндеуі – ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып дамудың бірегей жолы

Елбасы екінші қағидат ретінде бірлігімізді айтқан. Интернет желісінде алыс,жақын елдердегі ұлттар қақтығыстарын көріп, тіпті жаға ұстатарлық жағдайға да куә болып жүрміз. Ал біздің елімізде 130 - дан астам халық бейбітшілік пен татулықта өмір сүруде. Біз бұл тұрғыдан әлемге үлгі көрсете алдық.
Әлемде тоғызыншы орынға ие жеріміздің әрбір ұлтарақтай жері қымбат. Елбасы өз сөзінде "Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген жеріміз - ата-бабамыз мирасы, халық қазынасы", деген болатын. Жеріміз бен тәуелсіздікті қорғау - әрбір қазақ үшін маңызды.
Тұңғыш Президентіміз тоқталған төртінші дүние – салт-дәстүр және отбасылық құндылық. Батысқа еліктеп, отбасы құндылығы туралы түсініктің өзгеріп, өзгеше келбетке еніп жатқанын бәріміз көрудеміз. Алдағы уақытта елдіктің маңызды тірегі саналатын осы институттың деңгейін көтеру үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет.
Бесінші және алтыншы қағидаттар бойынша,яғни ұлттық мәдениет пен білімге құштарлықты дамыта отырып, елдігімізді тұғырлы болатыны сөзсіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткен, прагматизмге басымдық беру арқылы Тәуелсіздігімізді нығайтып, ел болып ілгері жылжитындығымызға сенемін.
Т.Қанатов,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары