Елбасының елге жасаған еңбегі ерекше

Қазіргі таңда Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасының жүзеге асырылуымен Аралдағы балықтың сапасы да, салмағы да халықаралық стандартқа сай келеді. Теңізден жылына 8 мың тонна балық ауланса, оның тең жартысы экспортқа жөнелтіледі.
Бүгінгі күні «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы 2-ші кезеңінің алдағы жылдары «Nur Otan» партиясының Жол картасы аясында іске асырылатындығы жерлестерімді қуантып отыр.
Елбасының «Мен Аралға көмектесемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын!» – деген сөзі әлі де аралдықтардың есінде.
Сыр елі халқының, Арал жұртшылығы мен болашағының тағдыры жолындағы Тұңғыш Президентіміздің еңбегі ұшан теңіз.
Осындай еңселі істердің бастамашысы, ұйытқысы болған Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығымыз шексіз.
Ә.Әйімбетов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы