Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Егеменді тәуелсіз ел – Қазақстан

Егеменді тәуелсіз ел – Қазақстан

Әр мемлекеттің ең қастерлісі ол – тәуелсіздік.
Тәуелсіздік, әр халықтың өзіне берілген тәтті сыйы және термен еңбектің нәтижесі.
Осынау Қазақ елінің қастерлі тәуелсіздігіде сол еңбекпен келген ата баба аңсаған мұра.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері міне 30 жыл болды. Осы жылдары еліміз біртіндеп алға қарай даму динамикасын көрсетті, ең бастысы қастерлі тәуелсіздік астында халқымыз тату тәтті ғұмыр кешіп келеді. Елдіктің қастерлісі болған тәуелсіздік жылдары, еліміз әлемдік аренадан өз орнын алды. Қазақ елі барша әлемге танылды, көк туы желбіреп, әнұраны шырқалды. Бұл жылдарда елдіктің біртұтастығымен кемел келешегі үшін жұмыс жасаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының елеулі еңбегімен сарабдал саясатының арқасы.
Елбасы тәй тәй басып келе жатқан жас мемлекеттің өсіп өнуімен, қарыштап дамуы үшін үлкен еңбек етті. Бұл жағдайлардың барлығы халықтың мәңгі есінде және тарих болып қалатыны анық. Ендігі, кейнгі жас буын елдіктің тұмары тәуелсіздікті қастерлеп, қадірлеуі қажет. Осынау қасиетті тәуелсіздік жолында, ел үшін аянбай еңбек етіп, кейінгі жас буынға осыны насихаттауымыз қажет. Қастерлі тәуелсіз еліміз жасай берсін, ел тыныш, жұртымыз аман болсын.
Ержан ӘДІЛЖАНҰЛЫ

16 тамыз 2021 ж. 2 212 0