Аңсаған арманның жемісі

Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қасиетті жерімізді ардақтап, қорғау – әрбіріміздің парызымыз. Бұл орайда, тәуелсіз елдің кез келген азаматы азаттықты бағалап жүр деп ойлаймын. Өз басым ұлы дала елінің кең-байтақ жерінде туып, топырағында аунап өскеніме өте қуанамын. Қазіргі кезде өзге елдердің хал-ахуалына қарап, бейбіт елде ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етемін. 29 жыл тарих сахнасы үшін аз ғана уақыт болуы мүмкін, ал біз осы жылдар ішінде көпұлтты мемлекет бола тұра, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Бұл – салиқалы саясаттың, дұрыс бағыт-бағдардың нәтижесінде келген еңбектің жемісі.
Азат еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік мерекесі – мерекелердің төресі! Қазіргі жағдайымыз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз бәрі осы тәуелсіздігіміздің арқасы.
Нұрбек Қуанышбайұлы,
Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары